Ұйымдастыру - басқарудың негізгі құралдары Қабылдаған: п.ғ.к., доцент Искакова П.К. Орындаған: Әлкен Ш. Тобы: МПК-711 Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факултеті Педагогикалық ғылымдар кафедрасы
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Ұйымдастыру - басқарудың негізгі құралдары (ереже, нұсқау, бұйрық, кеңес, пікірлесу және т.б.). 2. Бақылау құралдары. 3. Тест түрлері және тест құруға қойылатын талаптар. ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланған әдебиет
Ұйымдастыру – басқарудың негізгі құралдары екенін ашып көрсетіп, тест түрлері және тест құруға қойылатын талаптарға сипаттама беру. Ал енді ұйымдастыру – басқарудың негізгі құралдары екенін ашып жеке-жеке көрейік.
Ұйымдастыру - басқарудың негізгі құралдары: ережебұйрықкеңеснұсқаупікірлесу
Ереже – жұмыс тәртібі, жұмысқа қойылатын талаптар жиынтығы. Жұмыс ережесі ҚР «Еңбек туралы» Заңының кодекстеріне сәйкес, мекеме жарғысы есебінен жасалынады, онда жұмыс тәртібі, оған қойылатын талаптар жүйесі, шарттар көрсетіледі. Пікірлесу – ұйымдастыру, басқарудың бірден- бір құралы. Пікірлесу көбінесе мекеме басшысы мен бөлім басшылары, мекеме басшысы мен бөлім басшылары, мекеме басшысы мен мекеме жұмысшылары арасындағы жұмыстағы көкейкесті мәселені ашу мақсатында жүргізілетін ақпарат алмасу. Пікірлесу кезінде алынған ақпарат шынайы болса, өндіріс сапасын арттыруда өз үлесін тигізері анық. Бұйрық- ереже мен нұсқауға сәйкес бұйрық беріледі. Бұйрықты мекеме басшысы береді. Бұйрық ауызша да, жазбаша түрінде де берілуі мүмкін. Мекемеде көбіне жазбаша түрінде беріледі. Бұйрықты орындау шарт. Бұйрық – міндетті түрде орындалатын нұсқау. Бұйрық мекемедегі ұстап отыру үшін де қажет. Жақсы басшы бұйрықты көп бергеннен гөрі, ақыл- кеңесті көбірек бергені абзал. Кеңес – мекеменің барлық іс-әрекеттері талқыланып, шешімдері бекітіліп, нәтижелері шығарылатын құзыретті орган. Мәселен, ЖОО- да оқу-әдістемелік кеңес, ғылыми кеңестер жоғары оқу орнының оқу үдерісіне қатысты барлық мәселелерді қарастырып, оқу сапасын арттыру мәселелерін шешеді, оқу-тәрбие үдерісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді де қарастырады, ал ғылыми кеңес оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық мәселелерін шешеді. Нұсқау – ережеге сәйкес, жұмысты тиімді жасау үшін берілетін кеңестер. Нұсқаудың шағын әрі нақты болғаны жөн.
Тест ағылшынның «test» сөзінен шыққан (тікелей аудармасы сынау, зерттеу). Тест –адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері мен өзге жеке дара қабілеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында қолданылатын стандарттық тапсырма. Тест –жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес тапсырмалар жиынтығы. Тест –қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше түрлі варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар. Тест әдісінің артықшылығы: √ тексерудің, бақылаудың объектілігі; √ тест арқылы бағалау нақты әрі сараланған, даралық сипатта; √ дәстүрлі тексеру әдісінен тиімдірек: біріншіден, білімгерлердің үлкен топтарымен жүргізуге болады, екіншіден, уақыт үнемделеді, шектеулі.
3. Балама жауаптары бар тест: қандай да бір шешімнің дұрыс немесе бұрыс екенін табу ұсынылады. Жауап бергенде «+» немес «-» белгілері қойылады не «ия», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» сөздері жазылады. 2. Еске алушы тест: тест сұрағына жауап қандай бір факті, заң мағынасы, ережелер түрінде беріледі. Мұнда нақты қойылған сұраққа біржақты жауап берілуі тексеріледі. 1. Толықтыруды қажет ететін тест: мәтінде,сызуда, формуланың жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын қалдырылады. Тест түрлері: 4. Таңдамалы тест: бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс беруі таңдалады, жауаптар саны үшеуден кем болмауы тиіс. 5. Сәйкестік (салыстыру) тест: тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді табуға құрылған. 7. Құрама тест: құрылымы бойынша онда тестін әр түріндегі сұрақтары болуы мүмкін, бұл тестін тапсырмалары мәтін немесе кесте, формула, сызбалар жиыны түрінде берілуі мүмкін. Деңгейі бойынша бұл тест аса сыйымды әрі өзгермелі болады. 6. Реттілік-бірізділікке негізделген тест: көлем, атау және т.б. көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға, ережеге байланысты бірізділікпен орналастырылады.
Тест құруға қойылатын талаптар: 1. Тапсырмалар жеңіл оқылуы тиіс. 2. Бір тапсырманың жауабы басқа тапсырмалардың жауаптарына байланысты болмауы керек. 3. Тапсырманың жауаптары басқа тапсырмалардың дұрыс жауабына ықпал жасамауы тиіс. 4. Дұрыс жауаптардың біреуі ғана таңдалатын тестілерде тапсырмалардың дұрыс жауаптары біркелкі емес, кездейсоқ тәртіппен берілуі керек. 5. Тапсырма мәтінінің құрылуында екі жақты «тұзақ» тәрізді мағына болмауы керек. 6. Балама түрдегі тестілерде дұрыс жауапты білдіретін астыртын сөздер болмау керек. 7. Тапсырмаларды дұрыс түсіну үшін түйінді, тірек сөздерді қолдану керек. 8. Тест сұрақтарына жауап қысқа, жинақы берілуі тиіс. 9. Тест сұрақтары анық, қысқа құрылып, оған біржақты жауап берілуі тиіс. 10. Тест курстың оқу бағдарламасы негізінде құрылуы және неғұрлым маңызды тараулар мен тақырыптарды қамтуы тиіс. 11. Тестке бірнеше сұрақтар немесе тапсырмалар енеді, олардың әрқайсысы дұрыс жауапқа - 1 балл, дұрыс емес жауапқа-0 балл жүйесімен бағалануы тиіс. Тестіде тапсырмалар неғұрлым көп болса, соғұрлым нәтиженің анықтығы (нақтылығы, нанымдылығы) жоғары болады. 12. Тесті бағалауда кредиттік жүйедегі бағалау шкаласы пайдаланылады: ◊ %дұрыс жауап –«өте жақсы»; ◊ 75-89% дұрыс жауап –«жақсы»; ◊ 50-74% дұрыс жауап –«қанағаттанарлық»; ◊ 0-49% дұрыс жауап –«қанағаттанарлықсыз».
Емтихан –оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Емтихан (1944 жылдан бастап енгізілген) білімгерлердің білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, олардың оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Сынақ –қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында оқытушы қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Сынақ (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді. Сынақ жұмыстарын енгізудегі мақсат –бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту үдерісінде білімгерлердің жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ жұмысы оқу бағдарламасының негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Оқытушы оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын білімгерлерге алдын ала хабарлайды. Оларға жеке-дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
М «БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ» пәні бойынша ЛЕКЦИЯЛАР КЕШЕНІ